Аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара қаласындағы индустриялды аймақта салынып жатқан «Казкрахмал» ЖШС жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылыс жұмыстарымен танысты. Өндіріс орнының жалпы инвестициялық құны 35,0 млрд.теңге құрайды.
Қазіргі таңда зауытта әкімшілік ғимараты (әкімшілік, асхана, жатақхана), жүгеріні терең өңдеу зауыты, дән сақтау және дайын өнімді сақтау қоймасы салынуда. Жоба іске асырылған уақытта Жалпы қуаттылығы 150 000,0 тонна жүгері өңдеп, оның ішінде: крахмал,глютен жүгері сечкасы,жүгері ұрығы таңы да басқа 27 түрлі өнім шығару жоспарлануда.
Қазіргі кезде 70 адам уақытша жұмыс орнымен қамтылған. Зауытты 2025 жылдың қыркүйек айында іске қосу жоспарланып отыр.
Дайын өнімдер Өзбекстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан елдеріне және «Рахат», «Хамле», «Гарлсберг Казахстан», «ЭРДЖИ Брэндс», «Маслодел», «Ақсайнан», «Алинекс» компанияларына өткізіледі.
Жоспар бойынша кәсіпорын толық іске қосылған жағдайда, тұрақты 500 адамға жұмыс орны ашылуы күтілуде.
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев аудан аумағындағы ірі өнеркәсіптік нысандардың бірі — «Казкрахмал» жүгеріні терең өңдеу зауытының жұмыс барысымен танысты. Бұл кәсіпорын – Шардара индустриалды аймағында орналасқан, аймақтың ғана емес, тұтас Түркістан облысының өнеркәсіптік әлеуетін […]
Шардара қаласы әкімдігіне қарасты «Шардара қаласының шаруашылық қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі негізінен қала ішіндегі саябақтар мен скверлердің тазалығымен, көгалдандыру, абаттандыру жұмысымен айналысады. Көше бойындағы суағарлар мен аяқжолдар тазалығы, ағаштардың күтімі, саябақтағы жарық шамдарының түгелдей жанып […]
Шардара ауданының прокуроры А.Әлінің төрағалығымен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ғимаратында Шардара су қоймасы жағалауындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарына арналған кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Б. Туребеков, қала әкімінің орынбасары Б. Сүйет, Қ.Тұрысбеков […]
Пікір қалдыру