Шардара ауданы жаңа қоғамдық көліктермен толықты

2025 жылғы 6 мамырда Шардара ауданында қоғамдық көліктердің жаңартылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Аудандық мәдениет сарайы алдындағы алаңда өткен бұл мерекелік жиынға аудан әкімі Арман Қарсыбаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, аудан прокуроры Алмас Әлі, ауған соғысының ардагерлері және қала тұрғындары қатысты.

Салтанатты рәсім барысында аудан басшысы жаңа қоғамдық көліктердің кілттерін жүргізушілерге табыстап, жиналғандарды құттықтады. Өз кезегінде ардагерлер кеңесінің төрағасы да игі тілегін білдірді.

Аудан көлемінде бес әлеуметтік маңызы бар бағытта қоғамдық көлік қызметі көрсетіледі. Олар:

  1. «Қала-1»

  2. «Қала-2»

  3. «Қала-3»

  4. «Көксу–Шардара–Көксу»

  5. «Достық–Шардара–Достық»

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, биыл барлығы 13 қоғамдық көлікті жаңарту көзделуде. Бүгінгі таңда алғашқы кезең аясында 10 бірлік «Газель» маркалы шағын автобус тұрғындар игілігіне берілді. Бұл автобустар қалаішілік бағыттарда – «Қала-1», «Қала-2», «Қала-3» – жолаушыларға қызмет көрсететін болады. Қалған үш қоғамдық көліктің маусым айында жеткізілуі жоспарлануда.

Бұл бастама – ауданның көлік инфрақұрылымын жақсартуға және халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*