Шардара ауданының палуаны, боз кілемнің батыры Құлмырза Бексұлтан Нұрланұлы Астана қаласында өткен пара дзюдо бойынша Әлем чемпионатында J2 санаты бойынша топ жарып, Түркістан облысы тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Бұл – тек Бексұлтанның ғана емес, бүкіл аудан мен облыстың мерейін үстем еткен үлкен жеңіс.
Аталған әлем чемпионатына 38 елден 300-ден астам спортшы қатысып, өзара үздіктерді анықтады. Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады. 81 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен шардаралық балуан Бексұлтан Құлмырза татамиге төрт рет шығып, барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атағына ие болды.
Жеңімпазды ұлықтау мақсатында Шардара ауданында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға аудан тұрғындары, спорт ардагерлері, спортшылар, жанкүйерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Салтанатты жиында алғашқы сөз алған Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев чемпионды тарихи жетістігімен құттықтап, оның табандылығы мен еңбекқорлығына ерекше ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, бұл жеңістің өскелең ұрпақ үшін үлкен үлгі әрі спортқа деген қызығушылықты арттыратынын атап өтті.
Іс-шара аясында аудан әкімі А. Қарсыбаев Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Құлмырза Бексұлтан Нұрланұлына жеңіс құрметіне темір тұлпар сыйлады. Сондай-ақ, чемпионды дайындаған жаттықтырушы – Нұрбол Молдарахметұлы Шаймановқа 500 000 теңге көлеміндегі сертификат табысталды.
Ағымдағы жылдың жиырма үш, жиырма бесінші тамыз аралығында Астана қаласындағы «EXPO» Халықаралық көрме орталығында он тоғызыншы Қытайлық тауарлар көрмесі өтті. Көрмеге ауданымыздың «Хамит» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативының тауарлары қойылып, Шардара ауданы әкімдігінен аудан әкімінің орынбасары Бауыржан […]
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Мәжілісте ауданның 2025 жылдың алғашқы төрт айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жан-жақты қаралып, өзекті […]
Шардара ауданында әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылым мен өндіріс салаларын ілгерілету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте бірқатар маңызды мәселелер көтеріліп, салалық басшылар атқарылған жұмыстар мен жоспарлары жөнінде […]
Пікір қалдыру