Келес ауданында ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларға ерекше мән берілуде. Аталған жұмыстар бойынша аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев «Асвс ойл» ЖШС өкілдерін қабылдап, жаңа өндіріс орнының ашылу барысын талқылады.
Аталған серіктестік Ошақты ауылдық округіне қарасты Сарыжылға елді мекенінің аумағынан жалпы құны 1 млрд 780 млн теңге болатын жібек құртын өсіру және өңдеу кәсіпорнын салуды қолға алуда. Жоба аясында 60 гектар жер учаскесіне тұт ағашының көшеттері отырғызылып, 15 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарлануда.
Қазіргі таңда аталған жер учаскесі заңды негізде бөлініп, қажетті инфрақұрылым жұмыстары басталды. Атап айтқанда, жер асты су ұңғымасы қазылып, су шығару жұмыстары сәтті аяқталған. Сонымен қатар Қытай Халық Республикасындағы әріптестермен тұт ағашының көшеттерін жеткізуге байланысты келісім-шарт жасалды.
Ағымдағы жылы жоба тиімділігін бағалау мақсатында Біртілек ауылдық округі аумағында 0,5 гектар жерге сынамалық тұт көшеттері отырғызылған болатын. Бүгінде аталған көшеттер жергілікті климатқа бейімделіп, алғашқы өнімін беруде.
Жобаның келесі кезеңінде инвесторлар тұт жапырағынан шай өндіру бағытын дамытуды көздеп отыр. Бұл мақсатта Қытайдан арнайы шай өндіруге арналған заманауи қондырғыларды жеткізу жоспарлануда.
Сауран ауданында кәсіпкерлік деңгейі өсіп, жұмыспен қамтылғандар саны күн санап артып келеді. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының аудан тұрғындарымен кездесуінде Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров баяндады. Демалыс аймағы және қоғамдық қызмет көрсету бойынша 22 […]
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Созақ ауданына жұмыс сапары барысында «Қазатомөнеркәсіп-Сауран» өнім шығаратын зауытында болды. Кәсіпорын табиғи уран өндірумен, уранның шала тотығы және табиғи уранның химиялық концентратына дейінгі өңдеуді жүзеге асырады. 2006 жылы құрылған кәсіпорында […]
Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң шеңберінде жұмысын жалғастыруда. Барлық қаражат әлеуметтік пайдалы мақсаттарға одан әрі қайта бөлу үшін Арнаулы мемлекеттік қорға жіберіледі. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақмола […]
Пікір қалдыру