Тәртіп пен тәрбие – бір тамырдан тарайтын егіз ұғым. Ал бұл қос құндылық өмірлік ұстанымына айналған жандардың бірі – полиция подполковнигі Жұпаркүл Абибуллақызы Абдибекова.
Бүгінде ол – Ордабасы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі құрамында учаскелік полиция инспекторы болып қызмет атқарады.
Жұпаргүл жай ғана тәртіп сақшысы емес, бүтін бір династиялық отбасының тірегі, ұрпақ тәрбиесіне де, қоғам тыныштығына да үлесін қосып келе жатқан жан. 1995 жылы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, 1999 жылы заңгер мамандығын алып шыққан сәтінен бастап, оның құқық қорғау саласындағы еңбек жолы басталады.
Бүгінде қоғамның қауіпсіздігі үшін тынбай еңбек етіп жүрген қызметкер. Жұбайы – ІІО ардагері, запастағы полиция майоры Серік Берікұлы Әбдібек. Қырық жылдан астам өмірін құқық қорғау саласына арнап, түрлі лауазымда қызмет атқарған.
Бүгінде бұл отбасы – нағыз династиялық әулет. Жеті баланың барлығы түрлі салада табысты еңбек етуде: үлкен ұлы Қадыр-Шымкент ҚПД-нің Жедел қимылдайтын арнайы жасақ аға инспекторы, полиция капитаны болса, кейінгі ұлы Мұқасан-азаматтық қорғау капитаны. Жеті бала тәрбиелеп, сегіз немеренің қызығын көріп отырған Жұпаргүл ханым – қызмет пен отбасы, тәртіп пен аналық мейірімді қатар алып жүрген жан. Бүгінде бұл отбасы – тек бір әулеттің ғана емес, бүкіл Ордабасы жұртшылығының мақтанышына айналған.
Полиция күні қарсаңында мұндай отбасылардың еңбегі ерекше құрметке лайық. Себебі олар үшін ел алдындағы міндет – парыз ғана емес, өмір салты. Қызметтің киесі мен қадірін жүрекпен сезініп, ұрпағына үлгі бола білген династия – ел тыныштығының тірегі.
Салтанатты шараға өңірдің 400 – ден астам білім беру саласының өкілдері қатысты. Ұрпақ тәрбиелеуде талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесіне арналған «Мерекелеріңізбен, ұлағатты ұстаздар!» атты шараның шымылдығы «Абай өсиеті» театрлық көрінісімен ашылды. Түркістан облысының […]
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен облыстық құрылыс басқармасының алдағы жоспарлары талқыланған жиын өтті. Бұл туралы Түркістан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Түркістан облысында әлеуметтік нысандардың құрылысы жалғасып жатыр. Бұл ғимараттардың сәулеті мен сапасы, орындалу мерзімі қатаң […]
Мемлекет басшысының тапсырмасымен тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың жалға алып отырған баспана ақысының 50%-ын мемлекет төлеп береді. Арнайы тексеру қорытындысы жалдауды субсидиялаудан да заңсыздық анықтаған. Олардың басым бөлігі Жетісай мен Сарыағашта орын алған. Шын мұқтаждардың […]
Пікір қалдыру