Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде және басқару тиімділігін арттыру, процестерді оңтайландыру, сондай-ақ қорғаныс әлеуетін күшейту мақсатында Қорғаныс министрлігінде жасанды интеллект технологияларын енгізу мен дамытуға жауапты мамандандырылған бөлімше құрылды, деп хабарлайды ведоствоның баспасөз қызметі. Жаңа құрылым Қарулы күштердің цифрлық трансформациясының негізгі элементі болмақ. Бөлімшенің негізгі міндеті – деректердің үлкен массивтерін талдау, басқаруды автоматтандыру, жедел сценарийлерді модельдеу және қазіргі әскери жағдайда басқару шешімдерін қабылдау жылдамдығын арттыру үшін жасанды интеллект шешімдерін әзірлеу және енгізу.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жасанды интеллект технологияларын армия қызметіне интеграциялау жаңғырту жолындағы маңызды қадам болып табылатынын және қорғаныс саласындағы әлемдік үрдістерге сәйкес келетінін атап өтті. Бөлімше отандық және халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтарымен, жетекші университеттермен және бейінді IT-компаниялармен өзара іс-қимыл жасайтын болады. Бұл тәсіл қорғаныс саласына озық әзірлемелерді енгізіп қана қоймай, жасанды интеллектті әскери қолданудың ұлттық мектебін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жасанды интеллектті енгізу жөніндегі бөлімшені құру кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған. Осыған сәйкес, қазіргі заманғы алгоритмдермен және жүйелермен жұмыс істеуге қабілетті офицер-талдаушылар мен цифрлық технологиялар саласындағы мамандарды даярлау жоспарлануда. Осылайша, Қорғаныс министрлігі жасанды интеллект ұлттық қорғаныстың тиімділігін, қауіпсіздігін және тәуелсіздігін арттыру құралы болатын жаңа басқару архитектурасын қалыптастыруға стратегиялық қадам жасайды.
2024 жылдың қараша айында Шымкент қаласының соттарында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шараға қаланың барлық соттары, судьялар мен сот мамандары белсене қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты. Сенбіліктің негізгі мақсаты – қала […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Goldman Sachs Global Institute компаниясының жаһандық мәселелер бойынша президенті Джаред Коэнмен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен әлемдегі жетекші инвестициялық банктердің бірі — америкалық Goldman Sachs арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт […]
1997 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленген еді. Бұл – қасіретті кезеңде зобалаң көрген халқымыздың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлеріне деген құрмет. Содан бері аталған үрдіс жалғасып […]
Пікір қалдыру