ТҮРКІСТАНДА НАУРЫЗДА ЖАҢА АТШАБАР АШЫЛДЫ

Түркістан төрінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі ерекше сән-салтанатымен аталып өтті. Мереке аясында қаладағы жаңа, заманауи атшабар ресми түрде ашылып, бұл маңызды оқиға кең көлемді мәдени-көпшілік шарамен ұштасты.

Салтанатты жиынға Нұралхан Көшеров қатысып, тұрғындарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Өңір басшысы өз сөзінде Наурыздың жаңару мен бірліктің символы екенін атап өтіп, жаңадан ашылған атшабар ұлттық спортты дамытуға серпін беретінін жеткізді.

Халықаралық талаптарға сай салынған атшабарда бүгінде ұлттық спорт түрлерінен түрлі деңгейдегі жарыстар өткізуге толық мүмкіндік бар. Ашылу күні көкпардан әлем чемпионы анықталып, мерекенің маңызын арттыра түсті.

Мерекелік бағдарлама барысында аудандардан келген өнерпаздар концерт қойып, «Қош келдің, көктем» театрландырылған қойылымы көрерменге ұсынылды. Сонымен қатар этно-фешн көрсетілімі ұйымдастырылып, ұлттық киімдер жаңа форматта таныстырылды.

Кеш гала-концертке ұласып, отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Мереке соңы ауқымды отшашумен қорытындыланды.

Жаңа атшабар – Түркістанның туристік және мәдени әлеуетін арттыратын маңызды нысан ретінде бағалануда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*