ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ: ТҰРҒЫНДАРҒА ТИІМДІ БАҒА ҰСЫНЫЛДЫ

Түркістан қаласында өткен азық-түлік жәрмеңкесі тұрғындарға сапалы өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берді. Әлеуметтік маңызы бар бұл шара қала халқының күнделікті шығындарын азайтып, азық-түлікпен қамтуды жақсартуға бағытталған тиімді бастамалардың бірі ретінде ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге Арыс қаласы мен Сайрам, Түлкібас, Ордабасы аудандарынан келген жергілікті шаруалар қатысып, өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға ұсынды. Сауда сөрелерінде сүт және ет өнімдері, жаңа піскен көкөністер мен жемістер, сондай-ақ өзге де азық-түлік тауарлары кеңінен ұсынылды. Тұрғындар өнімдерді делдалсыз, өндірушінің өзінен сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар, Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының Тұрақтандыру қоры арқылы жеткізілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері нарық бағасынан 30–40 пайызға дейін арзан сатылды. Бұл өз кезегінде халықтың әлеуметтік тұрғыдан қорғалуына оң әсер етті.

Мұндай жәрмеңкелер тек тұрғындарға тиімді баға ұсынумен шектелмей, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де үлес қосады. Сонымен қатар, жергілікті шаруалар үшін өнімдерін өткізуге жаңа мүмкіндіктер ашып, өңірдегі ауыл шаруашылығының дамуына серпін береді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*