Оңтүстік Қазақстан облысы ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков облыс әкімдігінде өткен селекторлық жиналыста баяндама жасады. Басқарма басшысы мәжіліс барысында өңіріміздегі шегірткеге қарсы күрес шараларының барысы да назардан тыс қалмағанын айтты. Зиянкестерге қарсы күрес жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр екен. Биылғы жылы облыс бойынша марокко шегірткесіне қарсы химиялық күрес шаралары жоспарланған 257,58 мың гектарға қосымша 155,0 мың гектарғаа қосылып отыр. Бүгінгі таңда облыс аумағындағы 356,022 мың гектар жерге өңдеу жұмыстары жүргізілді. Өңдеу жұмыстарына 72 дана жер үсті агрегаттары мен 2 дана ұшақ қатысыпты. Әбүйір болғанда қазірде даланы дәрілеу жұмыстарына ауа райы қарасып тұр. Климаттың қолайлығына қарай зиянкестерге қарсы күрес жұмыстарын 4-5 күнде аяқтау жоспарланып отырған көрінеді. Техникалардың да жағдайы жаман емес. Химиялық дәрі-дәрмектер әзірге жетіп тұр. Қазіргі кезге дейін, ешбір ауданда егістіктерді жаппай шегіртке басу фактілері тіркелмеген екен.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да биыл шағын кәсіпкерлік арқылы 960 млрд. теңгенің өнімін өндіру жоспарлануда
Былтыр Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өткен жылы 900 млрд. теңгеден астам өнім өндірілсе, ағымдағы жылы оның көлемі 960 млрд. теңгеге жетпек. Яғни, орта есеппен облыста Жалпы өңірлік өнімдегі үлесін 23 пайызға […]
ОҚО-да 500 мыңға жуық адам жаңа орталықтандырылған су жүйесіне қосылған
Оңтүстік Қазақстан облысында 2011-2016 жылдары 73,9 млрд.теңгеге 268 нысанның құрылысы жүргізіліп, 178 елді мекендегі 469 мың адам жаңа орталықтандырылған су жүйелерімен қамтылған. «Халықты ауыз сумен қамту бойынша біздің облыстың көрсеткіші республикада қалалар бойынша 92,9 пайыз, елді […]
ОҚО диқандары Құрбан айтқа орай әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін қауын-қарбыз таратты
Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары «Құрбан айт» мерекесіне орай Астана қаласындағы 200 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мен 3 арнайы әлеуметтік көмек көрсету мекемесіне тегін қауын-қарбыз таратты. Ондағы мақсат – халықтың әл-жуаз тобына қолдау көрсетіп, оңтүстіктің жерінде […]
Пікір қалдыру