Сарыағаштағы шағын және орта кәсіпкерліктің саны отыз мыңға жуықтаған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында күні бүгінге дейін 26189 шағын және орта кәсіпкерлік жұмыс істеп келеді. Олардың ішінде, 1518-і заңды тұлғалар болып табылады екен.  Қалған 10556-сы шаруа қожалықтары екен. Сонымен қатар, ауданда 14115-і жеке кәсіпкер өз кәсібін дөңгелетіп отырған көрінеді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Абдуәлиев мәлім етті.         Сарыағаш ауданы әкімінің айтуынша, шағын және орта кәсіпкерлікте 45853 адам жұмыспен қамтылған. Олардың өндірген өнім көлемі 12514,3 миллион теңгені құрап отыр. Соның арқасында жергілікті қазынаға  546,1 миллион теңге көлемінде қосымша салық түскен.

«Осы шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында қаржы ұйымдары арқылы 3292 тұлғаға 2010,9 млн. теңге көлемінде несие берілді. Олардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласына бағытталған. Яғни, мал бордақылау, мал басын көбейту, жылыжай, егін шаруашылығы және сауда нүктелерінің айналымын арттыруға несие берілген»,- деді әкім.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*