«ОҢТҮСТІК» АИО Сарыағаш ауданындағы 1 265 жобаны қаржыландырған

Ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту — «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы (АИО)-ның басым бағыттарының бірі. Аталмыш бағытты дамыту жолында «ОҢТҮСТІК» АИО кәсіпкерлікпен айналысамын деушілерге барынша қолдау көрсетіп келеді.Жергілікті БАҚ өкілдерімен ұйымдастырылған кезекті пресс-тур Сарыағаш ауданында өтті. Аудандар бойынша қаржы орталығынан қолдау тапқан бірнеше жобаларды үлгі ретінде көрсетіп, халыққа кәсіпкерлікпен айналысудың тиімді жақтарын насихаттау мақсатында, аудандық жергілікті телеарнаның тілшілеріне пресс-тур ұйымдастырылуда.Бүгінде «ОҢТҮСТІК» АИО Сарыағаш ауданы бойынша жалпы сомасы 3,2 млрд. теңгені құрайтын 1 265 жобаны қаржыландырған. Жүзеге асырылған жобалар аясында 1 710 жаңа жұмыс орындары ашылған.

БАҚ өкілдері қаржы орталығы арқылы төменгі пайыздық несиемен қаржыландырылған «Сарыағаш жер сыйы» ЖШС-де болды.

«ОҢТҮСТІК» АИО-нан 15 млн. тг несие алып, жұмысының тиімділігін арттырып отырған серіктестік элиталық көшеттерді отырғызу жəне көбейтумен айналысады. Алған қаржысына  өнім сақтау қоймасын салып, кассетаға көшет отырғызу құрылғысы мен кассеталарын сатып алған. Қойманың сыйымдылығы  240 тонна. Көшет отырғызу аппараты күндігіне 3 гектар жерге қажет дәнді егіп үлгереді. Еуропадан әкелінген құрылғының әзірге облыста теңдесі жоқ. Бүгінде «Сарыағаш жер сиы» серіктестігі осы желіде қызмет жасау үшін 60-тан астам жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Қожалықта киви, банан, ананас сияқты субтропикті жемістер сонымен қатар жаңғақ, лимон, жүзімнің өте аз кездесетін сорттары көбейтіліп, көшеттер Алматы, Жамбыл, Қызылорда жəне Ақтөбе сияқты Қазақстанның бірқатар облыстарына жеткізіп берілуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*