Сарыағашта «Индустриялды инновациялық даму» бағдарламасы аясында үш өндіріс орны ашылуы мүмкін

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында жыл басынан бері Жарты төбе ауылдық округі аумағынан 36 адамды жұмыспен қамтыған тігін цехы, Көктерек кенті аумағында «Ақ Тілек» шипажайы іске қосылып, 50 адам жұмыспен қамтылған. Яғни аймақтағы жұмыссыздық мәселесі рет-ретімен шешімін тауып келеді екен.

Сарыағаш аудан әкімінің хабарлауынша, 2017 жылы «Индустриалды инновациялық даму» бағдарламасы шеңберінде индустриаландыру картасына жалпы құны 560 миллион теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба ұсынылып отыр.

Оның біріншісі,  «ТМстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құны 250 миллион теңгені құрайтын пресс жіп шығаратын кешен.Ал, екіншісі жалпы құны 160 миллион теңге ге жететін күйген кірпіш шығаратын зауыт салу. Сонымен қатар, үшіншісі жобалық сметалық құны 150 миллион теңге болатын «Көшім» шаруа қожалығы тауарлық балық өсіру және балық етін өңдеу зауытының құрылысы болып табылады. Егерде аталмыш үш жоба жүзеге асар болса, ауданда жаңа жұмыс орындары ашылары хақ. Сарыағаш қазынасына түсетін салық көлемі де ұлғаяды деген сөз. Бұл өз кезегінде аймақтың экономикасына серпін береді деген сөз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*