ОҚО диқандары Құрбан айтқа орай әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін қауын-қарбыз таратты

Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары  «Құрбан айт» мерекесіне орай Астана қаласындағы 200 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мен 3 арнайы әлеуметтік көмек көрсету мекемесіне тегін қауын-қарбыз таратты. Ондағы мақсат – халықтың әл-жуаз тобына қолдау көрсетіп, оңтүстіктің жерінде өскен тәттілігі тіл үйірер қауын — қарбыздан дәм татқызу екенін айта кеткен жөн. Оның үстіне қашанда қазақы салтын берік ұстанатын түстік жұрты қашанда жетімі мен жесірін жылатпауға тырысады. Тіпті, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қол ұшын беруді де парыз санайды. Сонымен қатар, тізімді диқандарға  Астана қаласы әкімдігінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі беріпті. Осылайша шаруалар оңтүстікқазақстандықтардың дархандығы мен еңбекқорлығын көрсетіп, исі мұсылмандар үшін ұлық мерекенің қадір, қасиетін арттыра түсті.Айта кетейік, Астана қаласында 2-3 қыркүйек күндері «ЭКСПО — 2017» халықаралық көрмесіне арналған Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. «Қазақстан» спорт алаңшасында өтетін жәрмеңкеге құны 265 млн. теңге болатын  500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі  ұсынылатын болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*