ОҚО-да мемлекет қазынасына алты айда 147 миллиард теңге салық түскен

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Үмбетәлиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясынд мәліметті.Осы жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндаған департемент басшысы мемлекеттік бюджет жоспары 106 пайызға орындалғанын атап өтті. Яғни,  жоспар бойынша қазынаға 139 млрд. теңге түсуі тиіс болса, бюджетке нақты 147 млрд. теңге түскен. Осылайша, мемлекет қазынасына түскен салық көлемі 8 млрд. теңгеге артық орындалып отыр.

«Оның ішінде, бюджет кесіндісіне келсек, республикалық бюджетке 84 млрд. тң. жоспарланса, нақты 90 млрд.тң. өндірілген. Яғни, орындалуы 107% құрап, қазынаға 6 млрд. тң. артығымен түсіп отыр. Ал, жергілікті бюджет бойынша болжамды жоспар 55 млрд. тң. болса, нақты 58 млрд. тң. өндірілді. Жоспардың орындалуы 105% немесе жергілікті бюджет қоржынына артығымен 3 млрд. тң. қамтамасыз етілді. Түсімдердің өсу қарқыны 104% құрады немесе 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда түсімдер 2 млрд. тг артты», — деді А.Үмбетәлиев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*