Оңтүстік Қазақстано блысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Дүйсенбекұлы, тілшілермен болған кездесуде, сондай-ақ, бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету жайында сөз етті. Яғни, камералдық бақылау, өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіруді күшейту және жергілікті атқарушы, құзіретті органдармен бірлесе атқарған жұмыстардың нәтижесінде, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бюджетке қосымша анықталған ішкі резервтер есебінен жалпы 16 миллиард 386 миллион теңге өндірілгенін айта кеткен жөн. Мұны өткен 2016 жылдың 6 айымен салыстырсақ, 6 миллиард теңгеге көп деген сөз. Осынау жалпы түсімнен жергілікті бюджетке 4 млрд. 747 млн. тң. түсіп, жалпы түсімдердің 8 пайыздан астамын құрапты.Анықтама ретінде тарқатып айтсақ, салықтық тексеруден 5,7 млрд. тң., камералдық бақылау нәтижесінде 1,7 млрд. тң., кедендік құнды түзету нәтижесінде 3 млрд. 325 млн. тң., мәжбүрлеп өндіруден — 2 млрд. тң. және жылжымайтын мүлікті, жер учаскелерін, көлік құралдарын және т.б. түгендеу барысында – 3,6 млрд. тң қосымша кірістер анықталып, өндіріліп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімдігі баламалы энергияны өндіруде түрлі жобаларды жүзеге асырмақ
Оңтүстік Қазақстанның тау, өзендерінің мол әлеуетін ескерген тараптар алғашқы жоба аяқталған соң да әрі қарай бірге жұмыс істеп, ОҚО әкімдігінің қолдауымен шағын су энергетикасы саласындағы басқа да жобаларды жүзеге асыруға ниетті.«Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» […]
ОҚО-да интенсивті бау көлемі артып келеді
Оңтүстік Қазақстан облысының ауа-райы егін шаруашылығына өте қолайлы. Сол себепті мұндағы дихандарда да ерте көктемнен жер ананы жыртып, тырмалап баптай бастайды. Бүгінде өңірміздің шарулары егін шаруашылығының жаңа түрін игеріп жатыр. Дихандар интенсивті бау шаруашылығын қарқынды […]
Ж.Түймебаев: Елбасымыздың латын әліпбиіне қатысты Жарлығы еліміздегі ең басты оқиғалардың бірі
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев барша отандастарды қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшуімен құттықтағанын айта кету керек. Бұл туралы өңір басшысы Астана мен Алматы қаласынан келген белді тарихшы, ғалымдар мен қоғамтанушылар қатысқан басқосуда […]
Пікір қалдыру