Пайданың көзі – кооперативте. Бүгінде мемлекет тарапынан жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру мақсатында нақты шаралар жүзеге асырылуда. Яғни, Ордабасы ауданында да бұл бағыттағы жұмыстар қарқынмен қолға алынуда. Нәтиже – баршылық. Мәселен, ауданда соңғы 4 айда 13 кооператив құрылған.Оның төртеуі ет, үшеуі сүт, алтауы егін шаруашылығы бағытында жұмыс істейді. Осы ретте, аймақ басшысы Алмасбек Мамытбеков кооперативтерді үлгі ете отырып, жаңашыл бастаманың қыр-сырын талқылады. Сонымен Елбасы Жолдауынан туындаған тапсырмалардың орындалу барысы туралы өткен баспасөз мәслихатында Ордабасы ауданында ауыл шаруашылық саласында 6 млрд. 346 млн. 300 мың теңгенің өнімі өндірілгені жайлы мәлім болды. Бұл туралы мәлімет берген Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Мамытбеков кооперативтің тиімділігіне де тоқталды. Айта кетерлігі, субсидия негізінде ерікті негізде құрылған кооперативке қажетті технологияны береді. Яғни, сүт-ет қабылдайтын қабылдайтын, сақтайтын орын, басқада қажетті ауылшарушылық техникаларын алуға көмектеседі. Сонымен қатар, мал, егін шаруашылығы өнімі сапасының жақсаруына, оның түрлі стандарттарға сай келуіне керекті дүниелерді алуға да мүмкіндік жасайды. Осы мүмкіндіктер мен жағдайларды бірлесе қолдана отырып, кооперативке ерікті кірген шаруалар бір-біріне көмектесіп, жұмыстарын жүйелеп, делдалға желінбей пайда таба отырып, өз өнімдерін нарыққа өздері шығаруға жол алады. Мәселен, субсидияны бұған дейін ірі шаруа қожалықтардың ғана алуға мүмкіндігі болса ендігі жерде субсидияны орта және кіші шаруалардың алуына толықтай мүмкіндігі бар. Бұл – азын-аулақ малы бар шаруа үшін мал басын өсіруге тиімді болса, азғана жері бар диқанның да шаруасының шырайын ашады.
Ұқсас жаңалықтар
Сайрамдықтар 10 мың тоннадан астам етті ел нарығына шығарады
Екі жүз мыңнан астам халқы бар Сайрам ауданы тұрғындарының басым бөлігі мал және көкөніс шаруашылығымен айналысады. Аудандағы 172 мал бордақылау алаңдарында бүгінде 28 мың. бас ірі қара мал бордақылануда. Ал аталған алаңдарда жылына екі рет […]
Ақсу ауылында 150 тонна сүт өңдейтін зауыт салынбақ
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы «Компания Натур Продукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Агробизнес 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл сайын сары май мен ірімшікке субсидия бөлінеді. Бүгінгі таңда кәсіпорынды кеңейту мақсатында өндіріс қуаттылығын арттыру үшін тәулігіне 70 […]
Солтүстікке көшкен оңтүстікқазақстандықтар кооператив құрмақ
Жуырда Солтүстікке көшкен отбасылар дербес ауылшаруашылығы кооперативін құруды жоспарлап отыр. Ол үшін қарамақтарына 22 мың гектар егістік жер бөлініп берілді. Айта кетейік, қыркүйек айының аяғында Сарыағаш ауданынан 21 отбасы солтүстікке қоныс аударған болатын. Оған дейін […]
Пікір қалдыру