Ордабасы ауданына 4 айда тартылған инвестиция көлемі 1,5 миллиардқа жуық

Ордабасы ауданы басшысының айтуынша, аймақта ағымдағы жылдың 4  айында  инвестиция көлемі 1 миллиард 330 миллион теңгені құраған. Өнеркәсіп саласында өндірілген өнімінің көлемі 5 миллиард 020 миллион теңгеге артыпты.

«Ауданынмызда жоспарға сәйкес 15 гектар жылыжай құрылысын салу жоспарланып, бүгінгі күнге 7,2 гектар жылыжай құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы жоспар толық 100 пайызға орындалады. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге қарқынды су үнемдеуші технологиялары ендірілген егістік жердің көлемі –жалпы 4524 гектарды құрады. Қазіргі таңда Ордабасы ауданында тамшылатып суару әдісі 624  гектарға жерге ендірілген», — дейді Алмасбек Мамытбеков.

Кәсіпкерлік саласы аудан экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесі 29 пайызды  құрайды. Тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктегі кәсіпорындардың саны 9 686-ға жеткен.  Бұл құрылымдар бойынша  20 852  адам жұмыспен қамтылып отыр.

Шағын және орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім  көлемі 4 айда 7 миллиард 068 миллион теңгеге  жетіп, одан түскен салық көлемі 106 миллион 100 мың теңгені құраған. Жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлермен шағын несие ұйымдары арқылы ағымдағы жылы 1132  жобаға 524 миллион 300 мың теңге несие беріліпті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*