Ақ мақтаның екінші аты – ақ алтын. Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп кластерін өрістетуге мақтадан алынатын талшықтан бастап жіп, мата сияқты бұйымдардың үлкен мүмкіндігі бар. Қазақстанның қолын мақта-мата, тоқыма өндірісіне жеткізіп отырған ақ мақта тек Оңтүстікте, оның ішінде негізінен Мақтаарал ауданында өседі. Мақтаның пайдасын айттық. Ал, осы ақ алтынды ерте көктемнен өз бойында өсіретін қозапаяны, былай айтқанда бұтағы, сабағы отыннан басқаға жарамайтындай көрінетін. Рас, бір ғалым қозапаядан көгілдір отын алып көрді. Бірақ, шығыны көптеу болғандықтан жаппай қолданысқа енбеді. Өңірде іскер жігіттер көп қой. Солардың бірі мақталы алқапта қоңыр күзде күзетшілер сияқты сыйдиып қалатын қозапаядан жиһаздар шығуға пайдаланатын тақта жасауға болатынын біліп, іске кіріседі. Былтыр Мақтааралдағы сол фирмада болғанбыз. Есік алдында тау көпір қозапая, цехта одан жасалған ДСП.Желіммен қатырылып тығыздалған тақталардың сырттан тасымалданатын тақталардан еш кемдігі жоқ. Бірақ, өз елінде өндіріліп жатқан шикізаттарға күдікпен қарайтын жиһаз жасаушылар әлі де сырттан алдыруды қолай көріп, шағын цех жүдеңкіреп тұр екен. Енді сол қозапая ең өтімді жиһаз материалына айналды. Жақында Шымкенттегі «Тассай» индустриялық аймағында Қазақстандағы ерекше жобалардың бірі іске қосылды. Оңтүстік Кореяның технологиясымен жабдықталған «Мега Смарт» зауытының негізгі шикізаты біз бағанадан бері мақтауын жеткізген қозапая. Мақтааралдағы цех осы зауытпен тығыз байланыста, былайша айтқанда, бизнестің бір құрылымы. Жиһаз жасау үшін мықты жылтыр тақта керек. Қозапаядан жасалған тақталарға түрлі ламинаттар жапсырылып шеберлер жиһаз жасауға пайдаланғанда құлпырып салады екен. «Мега Смарт» зауытының бас директоры Сергей Хегайдың айтуы бойынша, қозапая ешқандай улы қоспасы жоқ экологиялық таза өнім болғандықтан ТМД елдерінде баламасы жоқ екен. Мақтааралдағы зауыттан жеткізілген тақталар түрлі түстермен ламинатталып, жиһаз зауытына өтеді. Оңтүстік Корея және Италияның қондырғыларымен жұмыс жасайтын зауыттың, бұйымдарының сапасы жақсы, әсемдігі көз жауын алады.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралдықтар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Мақтаарал» мәдениет үйінде аудандық арнайы іс-шара ұйымдастырылды. «Зұлмат жылдар – жадымыздан шықпайды!» деп аталған шарада ауыр жылдардың қасіреті суреттелген деректі фильм көрсетіліп, мақтаралдықтар сол дәуірдегі […]
Мақтааралдағы Б.Момышұлы мектеп гимназиясы облыста көш бастап тұр
Мақтаарал ауданда өткен Тамыз конференциясында Б.Момышұлы мектеп гимназиясының директоры Ө.Қозыбақ өзінің жетістікке жету тәжірибесімен бөлісті. Гимназия биыл да облыста көш бастап, 40 алтын белгі, 17 үздік аттестатты шығарып отыр. Шәкірттерінің барлығы дерлік мемлекеттік грант иегері […]
Түркиялық компания Түркістан облысында қой шаруашылығымен айналыспақ
Түркістан қаласына Туркиядан келген «Dogus Insaat ve Ticaret A.S.» өндіріс орны жалпы құны 100 млн. АҚШ долларына инфрақұрылым саласындағы жобаларды жүзеге асыруда әріптестік танытса, ирандық «Faradid Meehan» компаниясы 5 млн. АҚШ долларына кірпіш зауытының құрылысын […]
Пікір қалдыру