Мақтааралдағы Б.Момышұлы мектеп гимназиясы облыста көш бастап тұр

Мақтаарал ауданда өткен Тамыз конференциясында Б.Момышұлы мектеп гимназиясының директоры Ө.Қозыбақ өзінің жетістікке жету тәжірибесімен бөлісті. Гимназия биыл да облыста көш бастап, 40 алтын белгі, 17 үздік аттестатты шығарып отыр. Шәкірттерінің барлығы дерлік мемлекеттік грант иегері атанды. Сондай-ақ, облыстық Білім басқармасының әдістемелік кабинетінің басшысы Н.Қалиева сөз жарысқа шығып, биылғы оқу жылындағы білім саласындағы өзгерістер туралы аудан мұғалімдерін хабардар етті. «Білім беру саласы — ел дамуындағы ең маңызды салалардың бірі. Өйткені, келешек маман, болашақ ел басқаратын азаматтар — ең алғашқы білімін мектеп қабырғасында жүріп алады. Биылғы жылдың өзінде Мақтарал ауданында 3 мектеп пайдалануға тапсырылады, тағы құрылысы жүріп жатқан 5 мектеп келесі оқу жылында іске қосылады. Мектептердің материялдық-техникалық жабдықталуына 2017 жылы 450 миллион теңге қаржы, оның ішінде партаға 84 миллион, мультимедиа кабинетіне — 163 миллион, робототехникаға — 115 миллион теңге бөлініп отыр. Бұдан басқа жылыту маусымына, оқулықтарға қаншама қаржы қаралуда. Ендеше, барша ұстаздарға жаңа оқу жылын жаңа қадамдармен, жасампаздықпен бастай беруіне тілектестігімді білдіремін!» — деді аудан әкімі Ғ.Исмаилов.

Конференцияның соңында белсенді мектеп директорлары мен ұстаздар қауымы аудан әкімінің, облыстық білім басқармасы басшысының атынан алғыс хаттар мен мадақтамалар алды. Тамыз кеңесінен шабыт алған мақтаралдық білім саласының қызметкерлері осылайша жаңа оқу жылына үлкен қарқынмен қадам жасады.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*