Мақтааралда оқулықтарға қазынадан 280 миллион бөлінген

Биыл Мақтаарал ауданында 11 сыныпты бітірген 4172 оқушының 2648-і Ұлттық бірыңғай тестке  қатысуға өтініш беріп, оның 2646-ы қатысты. Ауданның орташа көрсеткіші 70,5 балл болып, өткен жылдан 6,48 балға төмендеген. 70 мектептен 318 оқушы 100 және одан да көп балл жинаған. Ең жоғары көрсеткішті 136 баллмен Бауыржан Момышұлы гимназия мектебінің оқушысы Жақсыбай Абдуғани көрсеткен.Сонымен қатар, жаңа оқу жылында 2,5,7 сыныптарды оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету үшін 453 миллион 587,1 мың теңге қаржы жоспарланған, жергілікті бюджеттен оқулықтарға 280 миллион теңге, аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 11 маусымдағы шешімімен қосымша 40 миллион теңге, жалпы 320 миллион теңге қаржы қаралғанын айта кеткен жөн.

Мақтарал ауданында 2016-2017 оқу жылында 1-4 сыныпты бітірген 28 775 оқушының 75%-ы мектеп жанындағы лагерьлерге жіберілсе, 1-10 сыныптан 280 оқушы «Толағай», «Еркежан» балалар жазғы сауықтыру лагерьлерінде жазғы демалыспен қамтылды. Бұдан басқа, оқу жылында 374 оқушы «Тау самалы» оқу-сауықтыру орталығына, 2 оқушы Көкшетаудағы «Балдәурен» сауықтыру орталығына демалысқа жіберілген.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*