Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында өнерлі жастардың шабытын шыңдайтын 26 арнайы мектеп қызмет жасайды. Оларда 15 мыңға жуық оқушы білім алуда. Дәл мұндай музыка мектебі өзге ешбір мемлекетте жоқ. Аталған оқу орындарының жетістігі де көңіл қуантады. Өңірдің өнерлі өрендері 6 мәрте республикалақ сайыстарда бас жүлде жеңіп алса, 9 мәрте халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанған. Атап айтсақ, Отырар ауданы саз мектебінің оқушысы Бағдәулет Нұрланұлы Түркиядағы ЭКСПО-2016 халықаралық «Балалар және гүлдер» байқауының 1-орын иегері, — Бәйдібек ауданы саз мектебінің оқушысы Сыздық Асан Түркиядағы халықаралық «Бала әлемі» байқауының гран-при иегері, Шымкент қаласы №1 саз мектебінің оқушысы Мурин Николай Фраучи атындағы 13-ші Халықаралық конкурстың 1-ші орын иегері атанды.Бұл шара алғаш рет өткізіліп отырғандықтан, республиканың мәдени өмірінде бірегей оқиға болып есептеледі. Қызықты репертуар, музыкалық инструменттердің әртүрлілігі, шығармалардың түпнұсқалығы, бірнеше түрдегі музыкалық қызметтің бірігіуі музыкалық-театрландырылған шеру мерекелік қалып тудырып, әсерлі тыныс берді. Шараға облыс орталығындағы барлық мектеп оқушылары қатысты. Әр білім ошағының балалары жүріп өткен кезде сол мектептің жетістіктері айтылды. Бұл жас буынның бойында мақтаныш сезімін тудырып, олардың отансүйгіштік рухын оятары сөзсіз.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі 50 жеңімпаз оқушымен кездесті
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев 2016-2017 оқу жылында халықаралық, республикалық пән олимпиадалардың және өнер мен спорт жарыстарының жеңімпазы болған 50 оқушымен кездесті.Кездесу барысында аймақ басшысы жеңімпаздарды халықаралық, республикалық жетістіктерімен құттықтап, бұл жеңістің – […]
ШЫМКЕНТ: АЛДАҒЫ ҮШ ЖЫЛДА ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКМЕКТЕП МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Шымкентте 14 үш ауысымды, 1 апатты мектеп бар. 13 шағын ауданда мектеп жоқ. Халық санының өсіміне орай мектеп оқушыларының саны былтыр бір жылда 20 889 балаға көбейген. Қала әкімі Мұрат Әйтенов білім саласының инфрақұрылымын […]
Мақтааралдағы мектепке Дінмұхаммед Қонаевтың аты берілді
Мақтарал ауданының әкімі Ғалым Исмаилов Жетісай қаласындағы №122 жалпы орта мектептің «Соңғы қоңырау» мерекелік шарасына арнайы қатысты. «Құрметті бітірушілер! Сіздер бүгін мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар. Бүгін барлық қазақстандық түлектер үшін мектеппен қоштасуға […]
Пікір қалдыру