Оңтүстік Қазақстан облысында 16 жаңа су қоймасының құрылыс жүргізілетін болады. Сондай-ақ тасқын суға қарсы 70 нысанда инженерлік жұмыстар іске асырылады. Аталған жоба жүзеге асқанда 320 млн. текше метр топан су қабылдап, 17 мың гектар суармалы жерді суғаруға мүмкіндік туады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық отырысында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. «Биылғы дайындық жұмыстарының жоғары деңгейде атқарылуына байланысты өңір топан судан зардап шеккен жоқ. Алайда мәселені зерттеп-зерделегенімізде жыл сайын 2 млрд текше метр судың ағып кететіндігіне көз жеткіздік. Ауыл шаруашылығына бейімделген және жаз айларында су тапшылығына ұрынатын аймақта көктемгі тасқын суды тиімді мақсатқа пайдалану ең басты мәселе болып табылады. Сондықтан да облыстың аумағында әзірге 16 шағын су қоймаларын салып, суармалы егістік алқаптарын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Аталған нысандар аймақты тасқын судан қорғап, егіншілікті дамытуға тікелей септігін тигізетін болады. Енді бюджеттен қосымша 250 млн теңге қаржы қарап, тағы да тоғандар мен су қоймаларын салу үшін тиісті жобалау, жоспарлау жұмыстарын жүргіземіз»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.
Ұқсас жаңалықтар
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының фото-көрмесі өтті
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының фото-көрмесі өтті. Көрмеге қойылған 25 фото суретте Қ.А.Яссауи және Арыстан баб, Қарашаш ана кесенелері, көне Отырар мен Сауран қалалары, Ақмешіт үңгірі, «Алаш» этно ауылы, этно-орталық бейнеленген. Экспозицияға күнгейдің тамаша […]
ОҚО-да М.Айтжановтың «ЭКСПО» әнінің тұсауы кесілді
Шымкентте мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай «Мәдени қызмет – мерейлі міндет» атты мәдени шара ұйымдастырылды. Онда еліміздің мәдениет және руханият саласына еңбегі сіңген бір топ өнер және әдебиет қайраткерлеріне өңір басшысының арнайы сыйлықтары тапсырылған […]
ОҚО-да бірқатар басқармалардың басшылары ауыстырылды
Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабына сәйкес бірқатар басқармаларда ротациялау тәртібімен ауыс-түйіс орын алды.Оңтүстік Қазақстан облысы еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы – Оңтүстік Қазақстан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы […]
Пікір қалдыру