Сайрамдағы 43 нысан немесе 57 шақырым жол мен 1 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын аяқтау 2017 жылдың еншісіне тиесілі . Биыл, сондай-ақ, аудандағы 93,5 шақырым жолға (6 нысан) құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу де жоспарланып отыр. Яғни, аталған ауданда 2017-2020 жылдары 59,8 шақырымды құрайтын 5 ірі жобаның құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.Бұл жобалар аясында Бозарық елді мекенінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 3,9 шақырымды құрайтын КХ-37 автомобиль жолына қайта құру жұмыстары және Көмешбұлақ, Қызылжар, Қызыләскер және Теспе елді мекендерінен ұзындығы 17,8 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Сайрам елді мекенінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 30 шақырымды құрайтын КХ-83 автомобиль жолына қайта құру жұмыстары, Таскен, Мартөбе, Қызылсу және Қарасу елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 8 шақырымды құрайтын КХ-97 автомобиль жолына қайта құру жұмыстары, Ақсукент, Манкент, Ақбастау, Низамабад және Қарамұрт елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 22 шақырымды құрайтын КХ-3 автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде әлі күнге адам шошырлық жолдар бар (видео)
Ақтөбе облысындағы Ырғыз-Шалқар аудандарын жалғап тұрған жолға жөндеу жұмыстарының жүргізілмегеніне бірталай жыл болған көрінеді. Бұл жөнінде журналист Сандуғаш Есенбекова өзінің «фэйсбук» парақшасында жазады. «Ақтөбе облысындағы Ырғыз-Шалқар аудандарын жалғап тұрған жолдың сиқы осындай. 130 км — 3 […]
Киелі Түркістанда 71 шақырым жол мен 11 көпірге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Киелі Түркістан шаһарындағы 71 шақырым жол мен 1 көпірдің (21 нысан) құрылыс-жөндеу жұмыстарын жасалады. Сонымен қатар, қаладағы 59 шақырымнан астам жол мен 3 көпірдің (5 нысан) құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу 2017 жылға […]
Сайрам ауданында алты сүт өңдеу цехтары жұмыс істеп тұр
Сайрам ауданында ет өндірумен қатар сүт өнімдерін өндіру мен өткізуде алдыңғы қатарда. Ал аудан халқына сүт өнімдерін өткізу аса қиынға соғып отырған жоқ. Өйткені, Сайрам ауданында орналасқан 6 бірдей үлкен сүт өңдеу цехтары және Төлеби […]
Пікір қалдыру