Ақтөбеде әлі күнге адам шошырлық жолдар бар (видео)

Ақтөбе облысындағы Ырғыз-Шалқар аудандарын жалғап тұрған жолға жөндеу жұмыстарының жүргізілмегеніне бірталай жыл болған көрінеді. Бұл жөнінде журналист Сандуғаш Есенбекова өзінің «фэйсбук» парақшасында жазады.  «Ақтөбе облысындағы Ырғыз-Шалқар аудандарын жалғап тұрған жолдың сиқы осындай. 130 км — 3 сағат жүресің. Жергілікті xалықтың айтуынша, Кеңес дәуірінен кейін мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілмепті. Бұл жолдар жылына бір рет қана яғни, қыстыгүні «дұрысталады». Өйткені шұңқырларға қар толып, 3 сағаттық жол 1 сағатқа қысқарады. Ал жаңбырлы күндері жеңіл автокөліктер мына Нива көлігі секілді батпақта тұрып қалады» дейді ол.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*