Қазақстанда әрбір бесінші бала артық салмақтан зардап шегеді

Қазақстанда әрбір бесінші бала артық салмақтан зардап шегеді. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақ тағамтану академиясының нутрициолог маманы А.Чуенбекова мен Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы А.Иманалина баяндады. «Қазақтың жаңа табағы» ұранымен дұрыс тамақтануды насихаттаушылар отандастарымызды майсыз етті тұтынуға, қорегіміздің құрамындағы қант мөлшерін шектеуге шақырып, көкөністер мен жеміс-жидектердің үлесін арттыруға үндеді.         Елімізде салауатты өмір салты орталығының 1998 жылдан бастап, әр үш жыл сайын жүргізген зерттеулеріне сүйенсек, адамдардың басым бөлігі күніне екі рет ыстық тамақ тұтынбайды. Ал, 12 пайызы үш рет ас ішетінін айтса, 9 пайызы бар болғаны бір тәулікте бір рет қана қоректенеді. Тұрғындардың жартысына жуығы күнделікті асының 400 граммы жеміс-жидек болуы тиіс екенін білмейді де. Сауалнамаға қатысқандардың көбісі тиісті мөлшерде ет өнімдерін пайдаланбайды екен. Дәрігерлерге сенсек, қазақстандықтар жейтін асына жиі зейінсіз қарайды. Ал, ауырған кезде күнделікті жарнама беттерінен түспейтін ең жаңа препараттарды іздейді.

          «Балалар арасында фастфуд өнімдерін тұтыну белең алып барады. Зерттеулерге сүйенсек, жасөспірімдердің 13,7 пайызы күніне бір рет фастфудты азық етеді. Сонымен қатар, ұйқыға жатарда тамақтану, дене белсенділігің аздығы, қимылдың жоқтығы жүрек қан тамырлары ауруларына, семіздікке тағы басқа да көптеген аурулардың асқынуларына әкеліп соғуда. Ал, тиімді тамақтану кейбір созылмалы аурулары бар адамдардың денсаулығын жақсартуға негіз болады», – дейді Айгүл Жақыпқызы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*