Саумалда адам денсаулығын жақсартуға қажетті барлық заттар бар

Қазақ тағамтану академиясының 2012 жылы жүргізген зерттеуінің нәтижесіне сүйенсек, Қазақстан халқының жартысынан астамы артық салмаққа және семіздікке шалдыққан.         «1 және 14 жас аралығындағы әрбір бесінші бала артық салмақтан зардап шегеді. Бұл – тұрғындардың 21,5 пайызы. Бұлардың жартысы семіздікке шалдыққан, – дейді Ардақ Байбараққызы.         Спикерлердің айтуынша, саумалда адам денсаулығын жақсартуға қажетті барлық заттар бар. Әсіресе А және С дәрумендері көп. Сонымен қатар В1, В2, В12, РР, Д, Е дәрімендері мен фоли қышқылы, биотин және басқа да ағзаға қажеттіліктер жеткілікті. Бір литр саумалда 85-тен 140 граммға дейін қышқыл, 70 грамға дейін каротин кездеседі. Салыстырмалы түрде алғанда, сиыр сүтінен бірнеше есе пайдалы. Дәрумендерден бөлек саумал антибактериялық ферменттерге бай. Микроэлементтер (калций, магний, фосфор, марганец, мыс, кобальт, т.б.)  зат алмасулар жүйесіне көмектеседі, сүйек пен бұлшықеттер қаңқаларының қалыптасуына оң әсер етеді. Ал, қымыз адам иммунитетін жоғарылады. Ағзаның қорғаныш қабылетін арттырады. Кымыз жетіспейтін асқазан қышқылын да алмастыра алады. Қымыз қышқылы қанға оң әсер етеді. Гемоглобин құрамын күшейтеді. Обыр дертін тежеуге қауқарлы қымызды жүректің созылмалы ишемиялық ауруына шалдыққан науқастарға да ұсынуға болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*