Сарыағашта спорт алаңшалары салынып, қолданысқа беріліп жатыр

Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Абдуалиев және  Нұр Отан партиясының бірінші орынбасары П.Тұрсынбаев Сарыағаш қаласындағы және Дербісек ауылдық округіндегі спорт алаңшаларының салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысты. Спорт алаңшасының ашылуына оқушылар спорт сүйер қауым ауыл ақсақалдары қатысты. Жастарды салауатты өмірге итермелейтін спорт алаңшаларының ашылғанына аймақтың жеті жасынан, жетпіс жасына дейінгі азаматтары қуанып жүр. Осы орайда спорт нысанының лентасы қиылған тұста ауыл ақсақалдары ақ батасын берді.Тіпті аудан басшысы ақсақаладарда алаңша да балалармен бірге спортпен шұғылдануға шақырды. Үстіміздегі 2017 жылы аудан басшысы  оқушылардың жазғы демалыс кезеңінде спортқа баулу қажеттігін ескеріп жергілікті бюджет есебінен 7 типтік спорт алаңшаларының құрылысын бастап, бүгінгі күнге дейін 2 тапсырылған. Сарыағаш қаласында 2 алаңша, Абай ауылында 1 алаңша, Құркелес ауылдық округінде 2 алаңша, Дербісек ауылында 1 алаңша, Жібек жолы ауылында 1 алаңша. Бұдан бөлек демеушілер есебінен жыл соңына дейін 4 спорттық алаңшалар тапсырылады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*