Шымкент әкімі балаларды мерекемен құттықтады

 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Мерекеге орай, әкім қаладағы балалар үйінің тәрбиеленушілерімен онлайн кездесіп, олардың дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде әр баланың дені сау, сапалы білім мен саналы тәрбие алуы үшін мемлекет тарапынан барлық жағдайдың жасалып жатқанын айтқан қала басшысы кез келген сәтте балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсетілетінін атап өтті. Әрбір бала назардан тыс қалмақ емес.

«Құрметті балақайлар! Сіздерді жаздың алғашқы күнімен келіп жеткен айтулы мерекемен құттықтаймын! Жазғы демалысты ұтымды пайдаланып, көңілді өткізулеріңізге, шынығып жаңа оқу жылына күш жинауларыңызға тілектеспін. Бар жақсыны сендерге, балаларға арнаймыз», — деді М.Әйтенов.

Айта кетейік, биыл №3, 4 балалар үйлері тәрбиеленушілерінің жазғы демалысын ұйымдастыруға бюджеттен 45,8 млн. теңге қаржы қаралған. Балаларға 2020 жылғы 10 маусым мен 28 тамыз аралығында «Бәйшешек» сауықтыру лагерінде жазғы сауықтыру шаралары ұйымдастырылады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*