2016-2017 оқу жылында Оңтүстік Қазақстан облысының 4 оқушысы халықаралық олимпиада да, 26 оқушы республикалық олимпиадаларда, 10 оқушы ғылыми жобаларда және өнер мен спорттан 10 оқушы халықаралық жүлделі орындарға ие болған. Ал, республикада жаратылыстану-математика бағыты бойынша облыс командасы «Ең үздік олимпиадалық команда-2017» атағын ие болса, Шымкент қаласындағы №1 «Білім-инновация» лицейі «Ең үздік олимпиадалық мектеп» номинациясын екі жыл бойы жеңіп алып, жоғарғы нәтежиелерді көрсетіп облыс мерейін арттырып келеді.Бүгін республика бойынша мектеп түлектеріне орта білім туралы аттестаттар салтанатты түрде табыс етіліп жатыр. Жалпы биылғы жылы облыста 33 мыңға жуық оқушы 11-сыныпты бітіріп отыр. Ал, оның ішінде 1353 бітіруші «Алтын белгі» белгісінің иегері атанса, 855 түлек үздік аттестатпен мектепті тамамдап отыр.Үздік оқушылармен кездескен облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы, өңірдің мерейін асырған талапты түлектерге олардың ұстаздарына алғыс білдіріп, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етті.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да көктемгі су тасқыны қаупі жоқ
Оңтүстік өңірінде су тасқыны болады деп алаңдауға негіз жоқ. Дегенмен, «Сақтансаң, сақтаймын» дегені бар емес пе? Нақ осы сөздің үдесінен шыққан өңір басшысы Жансейіт Түймебаев Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегішін әуден бақылап, Сырдария, […]
Жыл басынан бері ОҚО-ға келген туристер саны екі есеге жуық артқан
2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында Оңтүстік Қазақстан облысына 52 850 шетелдік және отандық туристер (былтыр 33 мың турист келген) саяхаттауға келгенін айта кеткен жөн. Оның 3600-і (2016 ж. І жарты жылдығында 2883 шетелдік турист келген) […]
ОҚО-ДА «БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ, КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ!» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында «АСТАНА EXPO-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!» атты мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған облыстық шығармашылық байқауы өтті.Байқаудың мақсаты – мүмкіндігі […]
Пікір қалдыру