Түркия мемлекетінде VIII «Халықаралық Рамазан» фестивалі аясында өткен «Қазақстан кеші» концертіне Оңтүстік Қазақстан облысының өнер тартуын арқалап 36 өнерпаз барып келді. Аталған делегаттардың топ жетекшілерімен Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы ұйымдастырылды.Баспасөз конференциясына қатысқан облыстық мәдениет басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Ғ. Шарафиева, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әртісі С.Әбдірайымова, облыстық опера және балет театрының директоры Ә.Нұрмаханбетов бауырлас ел ыстық ықыласпен қарсы алғандарын айтып, өз әсерлерімен бөлісті.«Қазақстанның Түркиядағы елшілігі Кечиөрен муниципалитеті мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығы аясында ұйымдастырылған қос ел арасындағы мәдени байланыс Анкара, Адана, Мерсин, Ыстанбұл қалаларында кең көлемді концерттік бағдарламамен ерекшеленді»,- деді Ғ.Шарафиева.Бауырлас елдер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ортақ мәдениетті қалыптастыра отырып, әдеби, рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында қолға алынған айтулы шарада өнер көрсеткен ел өнерпаздарына Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі және аталған мемлекеттің мәдениет басшылары айрықша қолдау білдіріп, алғыстарын жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі өңірдегі мектеп құрылысы мәселесін май шаммен қарады
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өңірдегі аудан, қалаларда салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысы кеңінен талқыланды. Оған өзіндік себеп бар. Өйткені, облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашевтің айтуынша Қазығұрт, Сайрам, Шардара аудандары мен Шымкент қаласындағы мектеп құрылысында […]
ОҚО-да «Рухани келісім – Қазақстан қоғамы тұрақтылығының іргетасы» деген тақырыпта форум болып өтті
2017 жылдың 13 қазан күні, «Рухани келісім – Қазақстан қоғамы тұрақтылығының іргетасы» атты форумы өткізілді. Форумды Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті және […]
ОҚО-да 2021 жылға қарай халықтың 95 пайызы газбен қамтылатын болады
Қазіргі уақытта 35,5 % елді мекен газбен қамтылған (халықтың 62 %). 2016 жылы бұл көрсеткіш 32,5 % болатын. Өлкемізде халықтың саны жоғары болуын ескерсек, бұл республикадағы ең үздік көрсеткіш екен. Бұл жайлы Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Елбасының […]
Пікір қалдыру