28 маусым-Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні орай, киелі Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев жергілікті ақпарат құралдарының өкілдерін ксіби меркесімен құттықтап, ізгі ниетін жеткізді. «Байланыс және ақпарат қызметкерлері ел игілігі жолында тер төгіп келе жатқан мемлекетшіл жандар десем артық айтқандық емес. Атқарушы биліктің де, ақпарат құралдары өкілдерінің де мақсаты бір, ол – келешегі кемел Мәңгілік ел үшін қызмет ету. Сол қызмет барысында бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен көкейкесті әлеуметтік түйіндерге назар аударып, оларды бірігіп шешу арқылы оң нәтижелерге қол жеткізіп келеміз», — деді шаһар басшысы Әліпбек Өсербаев.Сондай-ақ, ол Ұлы мақсаттарға қол созған мемлекетіміздің алға қарай ілгерілеуіне бүгінгіден де жоғары қарқынмен атсалысуға шақырды. Мерекелік шарада қала әкімі Әліпбек Өсербаев осы саладағы белсенді қызметкерлерді марапаттап, сый-сияпатын тапсырды. Бұдан соң ақпарат құралдары өкілдерінің мерекелік шарасы қала басшылығы ұймдастырған дастархан басында жалғасты.
Ұқсас жаңалықтар
Халықаралық «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалінде ынталандыру жүлделері де табысталды
Көне Түркістан қаласында «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында, түркі мемлекеттерінің достастығы күніне орай Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында Халықаралық «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалінде Алтай Республикасынан келген Анастасия […]
ТҮРКІСТАН: ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында 2023-2025 жылдары 63 жаңа мектеп бой көтереді. Келешекте онда 49 мың бала білім алады. Салынып жатқан мектептердің саны әр өңірдің қажеттілігін әрі демографиялық ахуалын ескере отырып анықталған. Сондықтан […]
ЕҚЫҰ өкілдері Түркістанда болды
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік ассамблеясының төрайымы Кристин Муттонен бастаған топ Түркістан қаласында болды. Онда қонақтар Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне аялдады. Меймандарды қала әкімі Әліпбек Өсербаев, қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев және өңірдегі бір топ […]
Пікір қалдыру