23 маусым мемлекеттік қызметшілер және полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекелеріне орай Отырар ауданында спартакиада болып өтті. Спорттық шараға қатысушылар арқан тарту, кір тасын көтеру және кіші футболдан орталық спорт кешенінде өзара кім мықтыны анықтады. Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі аппаратының басшысы Абай Құрман, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаевтар шараға қатысушыларды салауатты өмір – салатын қалыптастырып, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей ел тұрғындарының кемінде отыз пайызын бұқаралық спортқа тартудың маңыздылығына тоқталып, жарыс ұйымдастырушыларын кәсіби мерекелерімен құттықтап, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.Яғни, бұл спартакиаданың бірден-бір мақсаты жарысқа қатысушыларды салауатты өмір салтын ұстануға үгіттеп, бұқаралық спортты дамыту болатын.Сайдың тасындай іріктелген сегіз команда спорттың үш түрінен кім мықтыны анықтау үшін өзара күш сынасуда. Жарыс түстен кейін өз мәресіне жетеді. Сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Отырар ауданында бірнеше азамат «Қазақстан полициясына – 25 жыл» мерекелік медалін тағынды
Отырар аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының алдында мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, прокуратура, сот, аудандық ішкі істер бөлімі басшыларының қатысуымен аудан әкімі Ерлан Айтаханов пен мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов және аудандық соттың төрағасы Әкімбек Жанасовтарды «Қазақстан полициясына […]
Отырарлықтарға әлеуметтік медициналық сақтандыру кеңінен түсіндірілді
Отырар ауданында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде келелі жиын өтті. Аудан әкімінің орынбасары Әбдіғали Жүнісов төрағалық еткен жиынға ауыл тұрғындары және медицина мамандары қатысты. Көпшілік алдында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде арнайы баяндама жасаған аудандық орталық […]
ЖҮГЕРІНІҢ «ОТЫРАР» ЖӘНЕ «ОҚСЫЗ» АТТЫ СОРТЫ БАР
Биылғы жылы Ө.Оспанов атындағы ғылыми-зерттеу инситуты ғалымдарының ғылыми негіздемесіне сәйкес ауданымызға инвесторлар тартып, Түркиялық «Biotek» компаниясымен жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар, Түркиялық инвесторлар «Ақтөбе-Агро» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің 105 гектар жеріне жүгері дақылын еккен. Айта кету […]
Пікір қалдыру