3 шілде күні Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Астана күні қарсаңында «Алаштың бақ ордасы – Астана» тақырыбында мерекелік шара болып өтті. Атаулы шараға көне шаһардың жасөспірімдері, бала-бақша мен мектеп оқушылары және музей қызметкерлері қатысты. Шараның негізгі максаты Елордамыз Астана туралы болашақ ұрпақтың танымын қалыптастыру, туған елге сүйіспеншіліктерін арттыру болатын. Сонымен қатар, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, өз Отанына қызмет етуге, мақтан етіп, қадір тұтуға патриоттық сезім қалыптастыру. Атаулы шарада Түркістан қаласының бүлдіршіндері мен мектеп оқушылары Астана күніне орай өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, өлең оқып өнерлерін көрсеткенін айта кеткен жөн. Шара соңында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің ғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі Ғ.Искаков мерекелік шараға белсене қатысқан қонақтарды Астана күнімен құттықтап, еліміздің болашағы жас ұрпақ өнеріне сәттілік тілеп, қорық-музей атынан алғыс хаттармен марапаттады.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда қала күні тойланды
Түркістан қаласындағы Есім хан алаңында ауылшаруашылық және өндірістік тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған қалаға қарасты 12 ауылдық округтен және өндіріс орындарынан 25 тонна ауылшаруашылығы өнімдері мен қайта өңделген өнімдер арзан бағада тұтынушыларға ұсынылды. Сонымен бірге, […]
Ө.ШӨКЕЕВ: «ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАУҺАРЫНА АЙНАЛАРЫНА СЕНІМДІМІН»
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев өңірдің туристік әлеуеті жоғары екеніне ерекше тоқталды — деп хабарлайды «Күнгей.кz» ақпарат агенттігі . Сонымен бірге ол Түркістан облысын құру туралы Елбасының […]
Түркістандық кәсіпкер 500 тонна кондитерлік өнім шығарған
Түркістан қаласындағы «Ақ жол» ЖШС-нің басқарушы компаниясы осы жылдың сегіз айында 839 млн теңге болатын нан, кондитерлік өнімдер мен шұжық өнімдерін шығарды. Ал, өткен жылы 288 млн теңгеге өнім өндірілген. Компания шағын және орта бизнеспен […]
Пікір қалдыру