Оңтүстікте осы жылдың аяғына дейін, біршама облыстық маңызы бар алты автомобиль жолына қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Осыған орай, тиісті жұмыстарды бастауға таяуда облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттардың қолдауымен қомақты қаржы бөлініп отыр.Бөлінген қаржыға бірқатар көшелерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Мәселен, Сайрам ауданындағы КХ-82 «Шымкент-Ленгір-Достық-Қасқасу-Көксәйек-Сайрам» автомобиль жолының 83,8-103,3 шақырымы мен аталған аудандағы КХ-83 «Шымкент-Сайрам-Қарамұрт» автомобиль жолының 8-26,1 шақырымы күрделі жөндеу жұмыстарынан өтеді. Сонымен қатар, осы сынды шаруалар Төлеби ауданындағы КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ-М32 р/ж» автомобиль жолының 0-3 шақырымы мен Қазығұрт ауданындағы КХ-85 «А-2 р/ж-Актас-Рабат-А-2 р/ж» автомобиль жолының 0-30 шақырымдарында жасалады деп күтілуде. Айта кету қажет, Қазығұрттағы аталған жол «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің «Шымкент-Ташкент» бағытының 1 учаскесін салу кезінде айналма жол қызметін атқарып, жолдың жағдайы жарамсыз күйге жеткен-ді. Жобаға сәйкес қолданыстағы жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, елді мекен аумағында аяжолдар мен жарық шамдары салынатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралды Шымкентпен байланыстыратын жол 80 шақырымға қысқарды
Мақтааралдықтардың Ташкентке қатынас жолы — халықаралық М-39 автомобиль жолы Қазақстан Республикасының Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары арқылы Өзбекстанға өтеді. Жолдың Мақтаарал ауданы арқылы өтетін ұзындығы 24,1 шақырымды құрайды. Аталған жол ашылып, пайдалануға берілгенде 350 […]
ШЫМКЕНТТЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН КӨШЕЛЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ
Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданы аумағында ұзындығы 732 шақырымды құрайтын 728 көше мен өткел бар. Жолдардың 535 шақырымы, яғни 73 пайызы асфальт, 158 шақырымы (21,6 пайыз) тас, 38 шақырымы (5,3%) топырақты құрайды. Тұрғындардың ыңғайына қарап, […]
ШЫМКЕНТ: КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН КЕЙІН 2-ШІ АУРУХАНА ҚАЛАНЫҢ БАС АУРУХАНАСЫ БОЛАДЫ
Ауруханада инсульт орталығы мен нейрожарақат бөлімшелері мен компьютерлік томограф, соңғы үлгідегі ангиограф құрал-жабдығын орнатып, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді ендіру жоспарланған. Бұл құрылғылар нейрохирургия, кардиология, онкохирургияда жаңа әдістермен емдеу үшін қажет. Қазіргі таңда әлеуметтік нысанға […]
Пікір қалдыру