Биыл «Шымкент-Сайрам-Қарамұрт» жолы күрделі жөндеуден өтеді

Оңтүстікте осы жылдың аяғына дейін, біршама облыстық маңызы бар алты автомобиль жолына қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Осыған орай, тиісті жұмыстарды бастауға таяуда облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттардың қолдауымен қомақты қаржы бөлініп отыр.Бөлінген қаржыға бірқатар көшелерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Мәселен, Сайрам ауданындағы КХ-82 «Шымкент-Ленгір-Достық-Қасқасу-Көксәйек-Сайрам» автомобиль жолының 83,8-103,3 шақырымы мен аталған аудандағы КХ-83 «Шымкент-Сайрам-Қарамұрт» автомобиль жолының 8-26,1 шақырымы күрделі жөндеу жұмыстарынан өтеді. Сонымен қатар, осы сынды шаруалар Төлеби ауданындағы КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ-М32 р/ж» автомобиль жолының 0-3 шақырымы мен Қазығұрт ауданындағы КХ-85 «А-2 р/ж-Актас-Рабат-А-2 р/ж» автомобиль жолының 0-30 шақырымдарында жасалады деп күтілуде. Айта кету қажет, Қазығұрттағы аталған жол «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің «Шымкент-Ташкент» бағытының 1 учаскесін салу кезінде айналма жол қызметін атқарып, жолдың жағдайы жарамсыз күйге жеткен-ді. Жобаға сәйкес қолданыстағы жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, елді мекен аумағында аяжолдар мен жарық шамдары салынатын болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*