Таулы Түлкібас ауданында «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы бойынша берілген тапсырмалар биылдан іске асырыла бастайды. Түлкібас ауданында бүгінгі таңда 1322 отбасы тұрғын үйге кезекке тіркелсе, оларды баспанамен қамтамасыз ету үшін 2018-2020 жылдары 3 елді мекенде — Түлкібас, Састөбе поселкелерінде және Т.Рысқұлов ауылында 1472 пәтерлі 28 тұрғын үй салу жоспарланып жатыр.Сонымен қатар, Түлкібас ауданында халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына тікелей әсер ететін негізгі салалар қарқын алып дамып келеді. Мәселен, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту аясында ауданда өткен жылдан бері 24 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Сондай-ақ, Түлкібастың брэнді болып саналатын алма бау шаруашылығы жылдам қарқынмен дамып келеді. Ауданда қазіргі таңда 3077 га бау алқабы болса, оның ішінде қарқынды бау көлемі 230 га. Белгіленген жоспарға сәйкес, ауданда биылғы жылы 356 га жерге алма бау егілсе, оның 115 гектары қарқынды бау. Мұнан бөлек, жыл басынан бері Түлкібаста 10-15 басқа арналған 251 бірлік шағын мал бордақылау алаңы мен 5-10 бастық 81 бірлік жанұялық сүт фермасы және 600 бастық шағын құс фермасы ашылды.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасымен көпқабатты 364 тұрғын үй салынуда
Оңтүстік Қазақстан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасымен көпқабатты 364 тұрғын үй салынуда. Бүгін бұл туралы селекторлық мәсіжілісте облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті. Басқарма басшысының айтуынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы негізгі 5 бағытта жүзеге асырылып жатыр. […]
ОҚО әкімі жауаптыларға жергілікті бюджеттен арнайы бағдарлама ашып тұрғын үйлерге сеймонығайту жұмыстарын жүргізуді тапсырды
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым баяндама жасады. Оның айтуынша, жалпы облысымызда 3253 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның бүгінде 1393-і күрделі, 1035-і […]
ШЫМКЕНТТЕ 238 ТҰРҒЫН ҮЙ ЫСТЫҚ СУҒА ҚОСЫЛАДЫ
Инженерлік инфрақұрылымды дамыту, атап айтқанда, халықты сумен, электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз ету мәселелері Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтің жеке бақылауында. Қазіргі уақытта қалада «3-Энергоорталық» АҚ қазандығынан жылу энергиясы мен ыстық су алатын 238 үйдің […]
Пікір қалдыру