«Қазына» би ансамблі Халықаралық «Алтын Қаракөз» байқауында топ жарды

Түркия Республикасының Бурса қаласында өткен 31-ші Халықаралық «Алтын Қаракөз» фольклорлық би байқауында оңтүстікқазақстандық «Қазына» би ансамблі бірінші орынды иеленді. «Алтын Қаракөз» аталатын Халықаралық өнер сайыпқырандарының дүбірлі додасы тарихында Қазақстанның бишілері алғаш рет жүлделі орыннан көрінді.Байқауға Қазақстан Республикасымен қатар, Әзірбайжан, Чили, Косово, Черногория, Грузия, Беларусь, Аргентина, Албания, Македония, Қырғызстан, Филиппин, Қытай, Босния және Герцеговина, Кипр, Молдова, Башқұртстан, Үндістан, Румыния, Татарстан және Болгария сынды 21 мемлекеттен би ұжымдары қатысып, өз ептіліктері мен мықтылықтарын танытқанын айта кеткен жөн. Ұлы өнер би қимылымен тілсіз өнер байлығын паш еткен әр елдің дарабоз бишілері ішінен көшбасшы орынды қазақстандық «Қазына» би ансамбліне берсе, екінші орынға Молдова мемлекетінің өнерпаздары лайық деп танылып, «Күміс Қаракөз» жүлдесі бұйырды. «Қола Қаракөз» аталымына ие болған Грузияның би ұжымы үшінші орынның жүлдесін өз еліне арқалай қайтты.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*