Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданында «Манкент» шағын су электр станциясы іске қосылды. Халықты тұрақты әрі сапалы электр энергиясымен қамтитын су электр станциясының ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен «Ақсу-Энерго» ЖШС-нің директоры Анарбек Орман қатысты.Облыста күн, жел, су энергиясының әлеуеті жоғары екенін айтқан әкім, дәстүрлі энергия көздерімен қатар, жаңа энергетиканы да дамыту қажеттігін атап өтті.«Өздеріңізге белгілі, биыл Астана қаласында «Болашақ энергиясы» тақырыбында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтіп жатыр. Әлемдік деңгейде өткізіліп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі техникалық жетістіктермен, жаңғырмалы энергия көздерінің молдығымен, ғылымға ұмтылудың маңыздылығымен бүкіл әлемнің назарын аударуда. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2050 жылға дейін жаңғырамалы энергия үлесін 50 пайызға дейін көбейтуді қамтамасыз етуді тапсырды. Бүгінгі іске қосылған электр станциясы таза электр энергия өндірумен қатар, энерго ресурстарды үнемдеуге бағытталған»,-деді Жансейіт Қансейітұлы өз сөзінде.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да Орта Азиядағы алғашқы «Биогаз қондырғылар кешені» іске қосылды
Шымкент қаласында Орта Азиядағы алғашқы қуаты 0,5 мегаватты құрайтын «Биогаз қондырғылар кешені» іске қосылды. Қазақстандағы бірегей жоба Елбасымыздың жарлығымен қабылданған «Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын» орындау мақсатында іске асырылып отыр. Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев […]
Медиация кеңесінің көшпелі отырысы Сайрам ауданында өтті
Төлеби ауданы Көксәйек ауылындағы №9 колледжде Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Жиынға облыстық аналар кеңесінің төрайымы Балқия Көмекбаева, Леңгір қалалық әжелер алқасының төрайымы Күлбазар Есенова, репродуктивтік денсаулық саласы бойынша […]
ОҚО «Өрлеу» жобасын жүзеге асыруда көш бастады
Оңтүстік Қазақстан облысында жарты жыл ішінде 75 мыңға жуық адам «Өрлеу» жобасы аясында мемлекет қолдауына ие болып, республикада көш бастады. Енді 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазіргі ұсынылатын үш түрлі әлеуметтік төлемдердің орнына атаулы әлеуметтік […]
Пікір қалдыру