Оңтүстік Қазақстан облысында Спорт саласының білікті маманы Дүйсен Мергенбаев басқаратын олимпиада мектебі жарап тұр. Жуырда осы мектептің карате шеберлері Астанада өткен Азия чемпионатынан жүлдемен оралған болатын. Енді міне, тағы да чемпиондар қатары толыға тұсті.Атап айтқанда, Дзюдо күресінен 2000-2001 жылдары туылған жасөспірімдер және 1997-1999 жылдарда туылған жастар арасында Азия чемпионаты Қырғызстан мемлекетінің астанасы Бишкек қаласында өтті. Оңтүстік Қазақстан облысындағы №3 ОРМБЖСМ-нің дзюдошылары өз мықтылықтарын танытып, жоғары көрсеткіштер көрсете білді.Айта кетер болсақ: Жасөспірімдер құрамасында — Давлатов Шерзод 50келгі дейінгі салмақта І-орыннды жеңіп алса, Құлым Сара 40 килоға дейін салмақта өнер көрсетіп, ІІІ-орыннан көрінді. Сонымен қатар, жастар арасында Абдулла Еркебұлан ІІ-орынға ие болғанын да айта кеткен жөн. Спортшыларымызға алдағы өтетін Әлем Чемпионатында да осындай биіктен көрінуіне тілектеспіз!!! Дүйсен Мергенбаев шәкірттерінің ендігі биігі Алдағы жылғы Аргентинада өтетін олимпиада болмақ!
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да құрылыс мамандығында оқитын студенттер құрылыс алаңдарына кетті
2004 жылдан бастап Шымкент қаласындағы бірқатар мердігер компания басшыларымен келіссөз жүргізіп, студенттердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында студенттік құрылыс жасақтарын еңбекпен қамту жұмыстарын дәстүрлі түрде жүргізіп келеді. Мәселен, 2013 жылы студент жасақтары қатарында 400, […]
Шардара балығының 70 пайызы Еуропа елдеріне экспортталады
Оңтүстік Қазақстан облысында балық шаруашылығының өрісі кеңейіп, оны Еуропа елдерінің нарығына шығару көзделуде. Осы саланы дамыту мақсатында ауыл шаруашылығы мамандары балық шаруашылығын қолға алып келе жатқан Шардара ауданында бас қосты. Айта кетейік, Шардарадағы «Хамит» өндірістік […]
ОҚО-дан ЭКСПО-2017 көрмесіне ұн және ұн өнімдері жеткізіледі
Халықаралық көрмеге өз өнімдерін дайындап жатқан тағы бір кәсіпорын Шымкент қаласындағы «Барыс 2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 2007 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан серіктестікте жылына 27 мың тонна макарон өнімдері мен 3600 тонна кондитерлік өнімдер […]
Пікір қалдыру