2017 жылғы 1 — маусымға Оңтүстік Қазақстан облысы халқының саны 2 894 816 адам, соның ішінде қалалық жерде 1 317 031, ауылдық жерде 1 577 785 адамды құрады. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда халық саны 1 пайызға немесе 28 448 адамға артып отыр. Бүгін бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облыстық Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков мәлім етті.«Республика бойынша біздің облыс туу мен табиғи өсімі көрсеткіштері бойынша 1- орында. Ағымдағы жылдың бес айында облыс туу бойынша республика деңгейінде алдыңғы қатарында көрінді. Оның үлесі 20,2 пайызды немесе 31 409 баланы құрады. 2017 жылғы қаңтар-мамыр айларында 1000 қыз балаға 1 076 ұл бала туылды. Бұл жерде ұл балдардың көп туылу тенденциясы сақталуда»,- деді Айдар Ахметбекұлы. Халықтың жалпы санының өзгеруі тікелей табиғи өсім, яғни халықтың туылғандар мен өлгендер санының өзгеруі және көші-қон өсімі әсер етеді. Облыста 2017 жылғы қаңтар-мамыр айларында халықтың табиғи өсімі 25 234 адамды құраған.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да тамақ өндіретін кәсіпорынның 60 пайыз өнімдері экспортқа шығады
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі тамақ өнеркәсібінде бірнеше жылдан бері қызмет етіп кележатқан кәсіпорынның жұмысымен танысты. Онда тұтынушылардың басым бөлігі тұтынатын макарон, ұн және сүт өнімдерін жоғары сапада дайындалады екен.Серіктестікті аралау барысында облыс […]
ОҚО кооперативтер құру бойынша республикада көш бастады
Оңтүстік Қазақстан облысы кооператив құру бойынша республикада көш бастады. Қазірдің өзінде өңірде кооператив саны 158-ге жетті. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен бринфингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті. «Облысымызда ауыл шаруашылығына […]
ОҚО агро саланы ғылыммен сабақтастыра отырып дамытуды көздеп отыр
Оңтүстік Қазақстан облысы агро саланы ғылыммен сабақтастыра отырып дамыту ісін қолға алды. Осы мақсатта өңірге Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов бастаған 50-ге жуық ғалымдар мен профессорлар арнайы келіп, семинар кеңес өткізді. Ондағы мақсат […]
Пікір қалдыру