ОҚО-да биылғы жылдың I тоқсанында халықтың орташа бір айда жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 40 мың теңгеден асқан

Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылдың  I тоқсанында халықтың орташа бір айда жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 41 069 теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,1 пайызға  өскен. Ал нақты ақшалай табыс 6,7 пайызға төмендеген. 2017 жылғы I тоқсанда халықтың ақшалай табыстарының басты көзі – еңбек қызметінен түскен.  Осы кезеңде халықтың ақшалай шығыстарының 95,8 пайызы  тұтыну шығыстарына – азық түлік және азық түлік емес тауарлары мен ақылы қызметтерге кеткен.  2017 жылғы 1-ші тоқсанда облыс бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 95 705 теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 3 пайызға артқан. Бұл жайлы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облыстық Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков  хабарлады.Айта кетейік, осы тоқсанда ең жоғары орташа айлық жалақы Созақ ауданында 187 854 теңге болып белгіленді. Ал ең төмен жалақы Төлеби ауданында – 75 824 теңгенің көлемінде болып отыр.

Баспасөз жиыны барысында департамент басшысы журналистер тарапынан қойылған сауалдарға да жауап берді. Бұл ретте тілшілер еңбек нарығы және еңбек ақы төлеу, азық-түлік бағасы,  сауда нарығы туралы нақты ақпараттар алды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*