Оңтүстік Қазақстан облысы осындай іс-шараны өткізген алғаш облыс. Бұл халықаралық дәрежедегі алаңшада ішкі және сыртқы бағыттағы туризмді дамытуға, шетелдік туристердің қызығушылығын тудыруға жақсы мүмкіндік. Сол себепті, көрмеге қойылған 25 фото суреттің ішіне Қ.А.Яссауи және Арыстан баб, Қарашаш ана кесенелері, көне Отырар мен Сауран қалалары, Ақмешіт үңгірі, «Алаш» этно ауылы, этно-орталық бейнеленген. Экспозицияға күнгейдің тамаша табиғатының фотосуреттері де енген. Оңтүстіктегі туризмнің дамуын жаңа сатыға көтеретін іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы мұрындық болыпты. Басқарманың идеясына Ontustik Tourism және «Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризм индустриясын дамыту орталығы» қолдау білдіргенін айта кеткен жөн.«Мақсатымыз — Оңтүстік Қазақстанды бүкіл әлем қызығатын туристік өлке ретінде таныту. Бір белгілісі — Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облысының бұл тұстағы әлеуеті өте кең. ЭКСПО-2017 көрмесі осы әлеуетті дамытуға көмектеседі деп сенеміз» дейді ұйымдастырушылар.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да жыл соңында өнеркәсіп өнім көлемі 570 млрд. теңгеге жетеді
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде селекторлық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралды. Соның бірі – аймақтың 2017 жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қортындысы болғанын айта кетке жөн. Бұл туралы […]
Оңтүстік жұртшылығы латын қарпіне өтуді қолдайды!
Мәжілісте өткен латын графикасының бірыңғай стандартын енгізу туралы парламенттік тыңдауы Оңтүстік Қазақстан облысында қызу талқылауда. Бүгін облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің конференц-залында Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі өтті.Кеңеске облыстағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары, облыстық ардагерлер […]
ОҚО-да мемлекет қазынасына алты айда 147 миллиард теңге салық түскен
Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Үмбетәлиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясынд мәліметті.Осы жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндаған департемент басшысы мемлекеттік бюджет жоспары 106 пайызға орындалғанын атап өтті. Яғни, жоспар бойынша қазынаға 139 млрд. теңге түсуі тиіс болса, бюджетке нақты 147 млрд. теңге […]
Пікір қалдыру