Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданындағы Жаушықұм ауылының жастары үшін жұмыссыз қарап жату деген жат тірлік. Әсіресе, диқаншылықты жанына жақын тұтқан жас жігіттер қыс аяқталысымен-ақ егістік алқапқа шығып, қарекетке кіріседі. Биыл ауылдағы 15 белсенді жас өзара бірлесіп, егіс бригадасын құрды. Сөйтті де теңіз жағасындағы бос жатқан жерді жыртып, жамылғы астына қарбыз екті. Нұрсұлтан Есенбеков бастаған белсенді жастар бригадасы кешегі аптада алғашқы өнімді жинап, сатылымға шығарды.«Біраз жылдан бері қарбыз егумен айналысып келеміз. Тер төге білсең – жер ана несібесін аямайды. Біз өнімді сапалы әрі ерте шығаруға тырысамыз. Сондықтан болар қарбызымызға сұраныс жақсы. Өзбекстандық Рустам Мамедов есімді азамат жыл сайын тұрақты алушымыз. Ол бізден сатып алып, ары қарай Ресейге жол тартады. Биылғы табысымызға кәсібімізді одан әрі дамыту жоспарымыз бар. Алдағы уақытта ауылдан жылыжай ашып, қызанақ, қияр секілді өнімдермен тұрғындарды қамтамасыз етсек деп отырмыз», — дейді Нұрсұлтан Есенбеков.
Ұқсас жаңалықтар
Шардарада «Әділет кеңес береді» акциясы өтті
Шардара аудандық Әділет басқармасында «Әділет кеңес береді» акциясы өтті. Бұл іс-шараға «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының қызметкерлері, денсаулық сақтау мекемесінің өкілдері, жеке нотариус, аумақтық және жеке сот орындаушылары қатысты. Аудандық Әділет басқармасының басшысы Таңат Әжібековтің төрағалығымен […]
Шымкенттік жастар мемлекеттік рәміздер күніне орай челлендж жолдады
Шымкент қаласының жастары мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай челлендж жолдады. Шықалалық жастар 4 маусым — ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен «Көк тудың желбірегені» атты видео-challenge жолдады. Аталған орталық […]
Мақтааралда жастар арасында шахматтан жарыс өтті
Мақтарал аудандық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастар — Қазақстанның интеллектуалды болашағы» атты шахматтан аудандық турнир болып өтті.Жарысқа Жетісай, Асықата, Атакент, Мырзакент өңірлерінде өткен іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қатысып, […]
Пікір қалдыру