Шымкенттік жастар мемлекеттік рәміздер күніне орай челлендж жолдады

Шымкент қаласының жастары мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай челлендж жолдады. Шықалалық жастар 4 маусым — ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен «Көк тудың желбірегені» атты видео-challenge жолдады.

Аталған орталық бұл челлендж арқылы ел тұрғындарының Отанымызға, тәуелсіз елімізге деген махаббаты мен құрметін көрсетіп, мемлекеттік рәміздер мәртебесін тағы бір насихаттауды көздеп отыр.

Челленджге қатысуға ниеттілер қазақ эстрадасындағы танымал әнші Ибрагим Ескендірдің орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әнін орындауы шарт. Содан кейін #көктудыңжелбірегені2020 хэштегі мен @resurstyq_ortalyq деп белгілеп, әлеуметтік желіге видео жүктеуі қажет. Отанына, өз еліне деген махаббатын, тәуелсіздіктің тұмары іспетті Мемлекеттік рәміздерге деген құрметін білдіргісі келетін кез келген жас осы мүмкіндікті пайдаланып қалары сөзсіз. Патриоттық тәрбиенің бастауы да Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығы ұйымдастыратын осындай игі іс шаралар болса керек. Ондай болса, челленджге қатысуға ниеттілерге іске сәт!

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*