Шымкент: Медицина қызметкерлеріне ауа тазартқыш сыйлыққа берілді

Шымкент қаласында медицина саласының қызметкерлеріне сапалы ауа тазартқыш сыйлыққа берілді. Еліміздің үшінші мегаполисінде короновирус инфекциясымен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне ауа тазартқыш құрылғысы тарту етілді. Сыйлықтарды ақ халаттыларға «ZEPTER International» компаниясының қызметкерлері жеткізіп берді. Осылай қайырымдылық шарасы арқылы коронавирус инфекциясы пандемиясына қарсы күресте аянбай еңбек етіп жүрген медициналық қызметкерлерін қолдау көрсетті. Бұл игі іс шараға мұрындық болған компания атынан қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасы және №2 оңалту орталығы, сондай ақ «Мейірім» оңалту орталығына замануи үлгідегі “Therapy Air ® iOn” ауа тазартқыш қондырғысы берілді.

Бұл жоғары технологиялық құрал бөлме ауасын таза және қауіпсіз сақтауға мүмкіндік беретін заманауи технология негізінде жасалған екен. Құрылғыны сыйлыққа алған медициналық ұйымдарда коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарға емдеу іс шараларын жүргізеді. Танымал халықаралық компания коронавирус инфекциясымен күресте зор үлесін қосып жүрген медицина қызметкерлеріне алғысын осылай білдіруді жөн деп тауыпты.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*