Мақтаарал ауданында жер реформасын жергілікті тұрғындарға түсіндіру, ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік үшін қолданылып жатқан жерлерді тиімді пайдалану мақсатында арнайы семинар-кеңес өтті. Жиынға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садыр, Мақтаарал ауданының әкімі Ғ.Исмаилов, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов және ауыл әкімдері, бөлім басшылары қатысты. Шараның негізгі мақсаты — жер мәселесіне қатысты салада атқарылып жатқан жұмыстарды талдау екенін айта кеткен жөн. Облыстағы жер қатынастары саласындағы жұмыстарды іске асыруға және жер ресуртарын тиімді басқаруға бағытталған жер реформасын түсіндіру бойынша облыстық жер қатынастары басқарма басшысының орынбасары Е.Тілеген баяндама жасады. Оның айтуынша, Мақтаарал ауданының жер қоры 185,4 мың гектарды құрайды. Ал, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 145,7 мың гектарға жетсе, оның ішінде егістік жер 140,1 мың, (барлығы суармалы жерлер), тыңайған жер 1,8 мың, жайлымдық жерлер 3 мың, көп жылдық екпелер 0,8 мың гектарға пара-пар.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралдық кәсіпкерлер 100 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетті
Қадір түні қарсаңында Мақтарал ауданында «Нұр-Мед» ЖШС-нің басшылары Медет Тайманов пен Нұржан Абдубайтов қайырымдылық жасап, әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасыға 1 айға жететін азық-түлік таратты.Мақтарал аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары А.Байдуллаев «Әлеуметтік қолдау – […]
МАҚТАРАЛДА ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Мақтарал ауданында ҚР Бас прокуратурасының «Отбасылық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты пилоттық жобасын жүзеге асыру мақсатында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы ашылды. Лента қию рәсіміне Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, аудан прокурорының […]
Мақтааралдық шаруалар алғашқы мақтаның келісін 165 теңгеден өткізді
Бүгін Мақтаарал ауданында «Ақ керуен-2017» мақта терімінің ашылу салтанаты өтті. Мерекелік шарада ақ алтын бағасы анықталып, мақтаны қабылдау бекеттері алғашқы өнімді тоннасын 165 мың теңгеден қабылдай бастады.Жерді өңдеудің жаңа әрі тиімді тәсілін қолданудың нәтижесінде Мақтааралдағы 95 […]
Пікір қалдыру