Оңтүстік Қазақстан облысынан соңғы үш жылда 9 облысқа – Солтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан облыстары мен Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Атырау облыстарына 5627 түлектің 4698-і жоғары оқу орнына түсіпті. Ал, 929 талапкер колледждерде білімін жалғастырған. Яғни, 2014 жылы «Серпін-2050» бағдарламасы аясында жоғары оқу орындарына 1050 грант бөлініп, 540 талапкер оқуға түссе, 2015 жылы 5000 грант бөлініп өңірімізден 2580 түлек оқуға түскен. Ал 2016 жылы 3162 грант бөлініп, 1578 талапкер грант иегері атанған.Биыл осы жоба аясында Оңтүстік Қазақстан облысында Солтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Атырау облыстарындағы жоғары және орнаулы орта оқу орындарына 4513 грант бөлініп отыр. Оның 3793-і жоғары оқу орындарына, қалғаны колледждерге бөлініп отырғанын айта кету керек. Сонымен қатар, бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысынан 5627 жас осы жоба аясында білім алып жатыр. Алғашқы қатысушылар диплом алып, сол өңірлерде өз күшімен жұмысқа орналасып үлгерген.
Ұқсас жаңалықтар
Б.Сағынтаев: Оңтүстіктің халқы іскер, оларды үйретудің қажеті жоқ
Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өңірге сапармен келген ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен туризм және кәсіпкерлік салаларының дамуы мәселелері бойынша жиын өткен болатын. Отырыста Үкімет басшысы күнгейдегі кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, аталған саланы қолдау […]
Елбасы: «Оңтүстіктің тарихы – тұтас Қазақстанның тарихы»
Елбасы кездесуде өңірдің бірегей тарихына және мәдени ерекшелігіне тоқталды, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі. – Оңтүстік Қазақстан – қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өлке. Бұл – абыздар мен әулиелердің қасиеті дарыған, Қожа Ахмет Яссауи мен Әл-Фарабидің ізі […]
Оңтүстіктегі 8 ескерткіш «Ұлы Жібек жолы ескерткіштері» аталымына кірген
«Ұлы Жібек жолы ескерткіштері» аталымы бойынша 8 ескерткіш Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Олар – Сауран, Түркістан, Сидақ, Қараспан, Жуантөбе, Күлтөбе, Отырар, Бөржар ескерткіштері. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Ж.Түймебаев «Қазақстанның Ұлы Жібек жолына саяхат» халықаралық […]
Пікір қалдыру