Б.Сағынтаев: Оңтүстіктің халқы іскер, оларды үйретудің қажеті жоқ

Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өңірге сапармен келген ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен туризм және кәсіпкерлік салаларының дамуы мәселелері бойынша жиын өткен болатын. Отырыста Үкімет басшысы күнгейдегі кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, аталған саланы қолдау мәселесін атап өтті.

«Оңтүстіктің халқы іскер, оларды үйретудің қажеті жоқ. Тек қана жұмыстың жобасын көрсетсең, өздері алып кетеді. Облыстың өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоғары. Бау-бақшаны дамыту саласы бойынша да  шаруаны  алға қарай алып кете алады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін беріліп жатқан көмектер жеткілікті ма,  қосымша заңдарды қайта қарастырып, сол арқылы көмек қажет па, сол жағын қарастыруымыз керек», — деді ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев.

Б.Сағынтаев түстік халқының солтүстік облыстарына көшу мәселесінеде тоқталды. Үкімет басшысы осы бағытта жүйелі  жұмыстардың атқарылу барысын сөз етіп, теріскейге көшіп барған азаматтарға жер беру, оларды тұрақты жұмыспен, баспанамен қамту қажеттігін айтты. Сонымен қатар, іскерлік қабілеті жоғары шаруалар мен кәсіпкерлерді жіберу керектігін тілге тиек етті.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*