«GGG» өзін жеңген боксшының отбасына 25 мың еуро сыйлады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Германияның Гифхорн қаласында неміс боксшысы Эдуард Гуткнехтке қолдау білдіруге арналған қайырымдылық кешіне қатысты деп жазады www.inform.kz сайты.

Айта кетейік, Эдуард Гуткнехт  бас-ми жарақатының ауыр зардабын тартып келеді. Бұл туралы Waz-online.de хабарлауда. Қайырымдылық кеште түскен 50 мың  еуроның 25 мыңын Головкин сыйлаған. Жиналған қаржы Эдуардтың отбасына тапсырылады. Гуткнехт боксшы Джордж Гроувзбен өткен 12 раундтық жекпе-жекте қатты соққы алған болатын. Айқас аяқталған бойда спортшы киіну бөлмесінен бірден ауруханаға жеткізіліп, оның миына операция жасалды. Еске салайық, Эдуард Гуткнехт әуесқой бокста Геннадий Головкинді жеңген болатын.

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*