Оңтүстік өнерпаздары Түркияда өнер көрсетуде

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығы аясында Түркия мемлекетіне Оңтүстік Қазақстан облысының өнер майталмандары аттанды.Қос ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ортақ мәдениетті қалыптастыра отырып, әдеби, рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында XVIII «Халықаралық Рамазан» фестивалі аясында  Түркияның бас қаласы Анкараның Кечиөрен ауданында жыр алыбы Жамбыл Жабаев атындағы көшенің салтанатты ашылу рәсімі және «Қазақстан кеші» концерті өтті.Мемлекетаралық маңызды шараға Оңтүстік Қазақстан облысынан 42 делегат аттанса, оның ішінде ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әртісі Әбдірайымова Сабираш Бимұрзақызы, ҚР Мәдениет қайраткері, әнші Оспанов Абылайхан Әлкенұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, облыстық опера және балет театрының солисті Оразметов Марат Өмірханұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, облыстық опера және балет театрының солисті Сейлбекова Үралхан Каналбайқызы, ҚР Мәдениет қайраткері,  «Қазына» би ансамблінің көркемдік жетекші Әжібекова Зәуре Бекембайқызы сынды көптеген мәдениет майталмандары бар.Туркиядағы Қазақстан кешінде  дәстүрлі, әндер мен азақ-түрік әндерінен попуррилер орындалса,  «Қазына» би ансамблі «Думанды дәурен», «Қара жорға», «Түрік» билерімен Оңтүстік мəдениетін паш етті. «Тұмар» фольклорлық ансамблінің сазды өнері де қос елдің мереке думанын асқақтатты.
Арнайы аттанған өнер делегаттары Түркия мемлекетінің Анкара, Адана, Мерсин, Ыстанбұл қалаларында концерттік бағдарламасын береді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*